Русский Сайттың толық нұсқасы

Сібір жарасы Шығыс Қазақстан өңірінде де екі тұрғыннан анықталды

  • AstanaTV
  • 24 маусым 2016
  • 1709

Сібір жарасы Шығыс Қазақстан өңірінде де екі тұрғыннан анықталды. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова бұл ақпаратты растады. Қазір олардың жағдайлары бірқалыпты, қажетті медициналық көмек көрсетілуде, - дейді  ведомство басшысы. Сондай-ақ, министр Қарағанды облысында тағы екі адам індетті жұқтырып отырғанын айтты.

Еске салсақ, аталған облыстағы Шет ауданының Еркіндік ауылында 7 адам сібір жарасын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жеткізілген. Өкінішке орай, екі тұрғын көз жұмды.

Тамара Дүйсенова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі:

Шет ауданындағы Еркіндік ауылына барып, біздің мамандарымыз және жергілікті әкімшілікке қарасты басқарманың мамандары барлығы толық инвентаризация өткіздік, азаматтармен кездестік, 62 азамат осы 7 аурумен қарым-қатынаста болған, барлығы есепке алынды, сол кісілермен зерттеу жүргізіп жатырмыз. Ал егер де сондай қарым-қатынас болатын болса, аурудың алдын алу мәселелері толық жүргізіліп жатыр.