Русский Сайттың толық нұсқасы

«Қасіретті қаңтар» оқиғасы тәуелсіздік жылдарындағы ауыр сын сағаттың бірі болды, -депутат

  • AstanaTV
  • 16 ақпан 2022
  • 1538

«Қасіретті қаңтар» оқиғасы тәуелсіздік жылдарындағы ауыр сын сағаттың бірі болды. Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов, журналисттерге осыны айтты. "Болған оқиға мемлекеттік төңкеріске жасалған қадам деп баға берілген. Бұл - шынында да болашағымызға балта шабу еді" дейді депутат. Қиын-қыстау сәттерден мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімі арқасында өттік деп қосты. Сондықтан да депутат құзырлылар жағдайды жіті зерттеуі керек деп есептейді. Ал оған уақыт қажет деп отыр.

Жанарбек ӘШІМЖАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бұл оңай шаруа емес. Бүкіл мемлекеттік төңкеріске жасалған қадам. Мемлекеттің енді қауіпсіздігіне жауапты қызмет органдарының тірлігі анандай болған кезде,  басқа құзыретті оргындардың шаруасы мынадай болған кезде, жекелеген қылмыскерлердің тобы бар. Халықты пайдаланып жүзеге асырған шаруалар бар. Осының барлығы жеке-жеке зерттелуі керек деп ойлаймын.

Б. Сатуов