Биыл Атырау облысында егіс алқабы күрт азаюы мүмкін. Жергілікті шаруалардың айтуынша жұмысшы күшінің жетіспеуі бұған себеп болуда. Олар атқамінерлерге шетелдік жұмыс күшін тартуға өтінім берген. Жауаптылар квотаның 3-тен 1-ін ғана қанағаттандырыпты. Ал, жергілікті тұрғындардың далада жұмыс істеуге ынтасы жоқ. Тараптарды тындаған аймақтағы әріптесім Базаргүл Нәдірқызы тақырыпты толықтырады.
Атыраулық шаруалар шетелден жұмыс күшін тартуға 1200 квотаға өтінім берген. Яғни осынша шетелдік жұмысшыға сұраныс қажет.
Мейрамбек АЛДИЯРОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
Комиссияда қаралып, 600ге жуығы бекітілген болатын. Алайда жаңағы айтып кеткендей, Президенттің тапсырмасымен, ол да 30 пайызға қысқарып, 394 квота бөлінген.
Бұл - егін егуде дайындалып отырған шаруалар үшін үлкен соққы болды. Олар көршілес жатқан Өзбекстаннан жұмысшылар тартылмаса, егін көлемін азайтуға мәжбүрміз,- дейді. Өйткені жергілікті тұрғындар егістікке жұмысқа келмейтінін айтады. Аймақтағы ең ірі шаруа қожалығының иесі Енисей Юн аймақтағы мәселе шешілмесе тұрақтандыру қорына арзан бағаға өнім сатуды тоқтатуға шешім қабылдаған.
Енисей ЮН, ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Біз биыл егістік көлемін 200 гектарға дейін азайтамыз. Демек өнім аз болады. Бұл көкөніс бағасына да айтарлықтай әсер етеді. Бізге адам керек. Мұнайшылар сияқты жалақы бере алмаймыз. Шетелдіктерге 80-100 мың теңге арасында төлейміз. Олар уақытпен санаспай жұмыс істейді. Жергілікті тұрғындарға 100 мың теңгеге 8 сағаттық жұмыс істеуге шақырдық. Сонда да келмейді.
Жергілікті халық жер баптауды неге қол көрмейді? Себебін сұрап көрдік.
БЛИЦ:
- Жалақы аз болар, сол себепті болар мүмкін егін шаруашылығында. Жоқ істемеймін.
- Ақшасы аз, ақша бермейді. Далада көп жұмыс жасатады да, ақшаларын бермей жібереді.
- Ешкім қазір жұмыс істегісі келмейді ғой. +Алдында наны болғасын, олар бәрібір жұмыс таңдайды. таңдау болмаса жасар еді кез келген жұмысты. Өбектерме мысалы таңдау жоқ. сондықтан олар кез келген жұмысты жасап жатыр.
Ауыл шаруашылығы басқармасындағы шаруалардың уәжінен құлағдар. Олар енді квотаны 750-ге дейін көтеруде сұрап, Үкіметке хат жолдаған. Жауабын күтіп отыр. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы бойынша білім алып жатқан студенттердің практикалық тәжірибесін ұйымдастыруды, оңтүстік облыстардан адамдар шақыруды бастап кеткен. Бірақ оның нәтижелі болатынына да өздері де сенімсіз.
Тілек ӘМІРОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
Шаруашылықтармен кеңесе отырып, 120-130 мың шамасында жатақхана, санитарлық жағдайларын жасау, жұмыс басындағы тамақтандыруға оған шаруашылықтар келісіп отыр. Хабарласып жатқандар бар бірақ оларды да сеніңкіремей отырмыз.
Ауыл шаруашылығы басқармасы биыл көктемде егіс алқабының аумағын 9700 гектарға көбейтеміз,- дейді. Шаруалардың пайымынша алдымен жұмысшыны сайламай, бұл мүмкін болмасы анық.
Б. Надірқызы