Русский Сайттың толық нұсқасы

Олимпиададан кейін кадрлық өзгерістер болуы мүмкін, - Д.Абаев

  • AstanaTV
  • 16 ақпан 2022
  • 887

Хабарымызды әрі қарай әдеттегідей спорт жаңалықтарымен әріптесім Асылбек Данияр жалғастырады. Асылбек, бүгін  қандай жаңалықтарың бар?

Кеш жарық, Лаура! Мәдениет және спорт министрі Олимпиада ойындары аяқталысымен шұғыл жиын өткізбек. Ол қандай мақсатта және жарыстың бүгінгі нәтижесін сәлден соң толықтырып айтамын.

Қысқы Олимпиада ойындары аяқталған соң кадрлық өзгерістер орын алуы мүмкін. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев айтты. Әзірге ешқандай шешім қабылданған жоқ, дейді. Ведомство басшысы Қазақстан ұлттық құрамасы мүшелерінің толық оралуын күтіп отырғанын жеткізді.

Дәурен АБАЕВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ:

Олимпиада қалай аяқталады, спортшыларымыз елге орала сала көшпелі ауқымды жиын өткіземіз. Ол Бурабайда өтеді деп жоспарланып отырмыз. Мен барлық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін шақырамын. Ол жерде нақты шешім қабылданатын болады. Сонымен бірге, кадрлық ауыс-түйістерде орын алады деп ойлаймын.

Қытайда өтетін «Бейжің –2022» Қысқы паралимпиада ойындарында ел намысын қорғайтын спортшылар белілі болды. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қатысуымен өтетін төрт жылдық байрақты бәсекесінде пара шаңғы және пара биатлоннан 5 спортшы өнер көрсетеді. Олар жалпы түрлі қашықтықта жарыс жолына шығады. Ал, ұтып алған лизензия саны – 24. Айта кетейін, XIII қысқы паралимпиада ойындары наурыздың 4-і мен 13-і аралығында өтеді.  

Енді Олимпиада ойындарының бүгінгі нәтижесіне тоқталсам. Жарыс жолына бүгін спорттың үш түрінен 6 спортшы шықты. Олардың ешқайсысы жүлдегер қатарына ілікпеді. Бірінші болып тау шаңғысы спортынан Захар Кучин бақ сынады. Өткен жолғы сайыста мәреге жете алмаған атлетіміз бұл жолы жіберген қателігін қайталамады. Ол екі мүмкіндін де пайдаланды. Нәтижесінде 43-ші орынға жайғасты. Шаңғы жарысында  өнер көрсеткен қыздар командасы финалға өте алмады. Бұрымды атлеттеріміз мәрені 10-ншы болып кесті. Шорт-тректе 1500 метр қашықтықта бақ сынаған Ольга Тихонова бірінше кезеңнен-ақ сүрінді. Олимпиада ойындарына алғаш рет қатысқан спортшымыз мәреге үшінші болып келді. Бірақ, ереже бұзды деп «пенальти» берді. Байрақты бәсекеде бұл спортшы 3 қашықтықта өнер көрсетті.

Сонымен он бесінші ақпандағы XXIV Ақ Олимпиаданың  қорытындысы мынадай:  

13 алтын, 7 күміс, 8 қоламен  Норвегия әлі көш басында. Екінші орында -Германия. Оларда 10 алтын, 6 күміс, 4 қола медаль бар. Үздік үштікті АҚШ құрамасы қорытындылайды.

Мендегі бар ақпарат осы. Ел намысын қорғап жүрген барлық спортшыларға сәттілік және жеңіс тілейміз. Лаура, сөз өзіңде.

Рақмет, Асылбек! Ал, біз жаңалықтарымызды жалғастырамыз.

А. Данияр