Атом электр стансасы салынады. Бірақ оның көлемі әлі белгісіз. Тіпті қай өңірде бой көтеретінін жауапты министрлік шешпеген. Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов, быилдан қалмай нақты шешім қабылдайтындарын жеткізді. Жаңа станса уақыт талабы деді.
Жандос НҰРМАҒАНБЕТОВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА ВИЦЕ-МИНСТРІ:
Атом электр стансасын құрылысы мәселесі қарастырылуда. Алдын ала есептеулер, Экологиялық кодексте қойылған міндеттерге қол жетікізу үшін сыртқа қалдық тастамайтын жаңа генерация салу қажеттігін көрсетті. Біздегі генерациялаудың негізгі бөлігі Кеңес уақытында салынған. Жаңа салынғандары сондай көп емес. Сондықтан стансалардың ескіру проблемасы бар. Яғни жаңа генерациялар алу қажет. Көмірсутексіз генерацияға осы атом стансасы жатады. Сондықтан атом электр стансасын салу мәселесі әлі қаралуда.
Шенеуніктің айтуынша, Атом электр стансасына қолайлы деп Алматы облысындағы Үлкен ауылы, Шығыс Қазақстан облысындағы Курчатов қаласы, сонымен бірге батысындағы облыстар қарастырылуда. Дегенмен БАҚ өкілдері вице-министрге дамыған елдер атом энергиясынан бас тартып жатқанда, Қазақстан атом электр стансасын салуды жоспарлап отырғанын сұрады.
Жандос НҰРМАҒАНБЕТОВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА ВИЦЕ-МИНСТРІ:
Иә, Германияның шешімі таң қалдырады. Бірақ көршілес Франция, керісінше, 20 жаңа реактор салу жұмыстарын күшейтті. Әр ел өзінше таңдайды. Финляндия, Беларусь, Швеция, Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия. – Қазір әлемде 50 реактор салынып жатыр. Жасыл энергияға 100% көшу мүмкін емес. Әлемнің ешбір елінде мұндай жоқ. Мұның бәрін реттейтін технология жоқ. Жел және күн станцияларының өндірісі жыл мезгілдері бойынша да, тәулік уақыты бойынша да маусымдық болып табылады.
Сондай-ақ елде электр энергиясының тапшылығына не себеп екені белгілі болды. Энергетика министрлігі оған көлеңкелі майнингтер кінәлі деді. Айтуларынша, қазір заңсыз майнингтерді іздеуде жауаптылар цифрлық даму министрлігімен бірглесе жұмысқа кіріскен.
Б. Сатуов