Русский Сайттың толық нұсқасы

Елдегі қару-жарақ пен әскери техниканың бүгінгі жағдайы қалай?

  • AstanaTV
  • 17 ақпан 2022
  • 1501

Елдегі қару-жарақ пен әскери техниканың бүгінгі жағдайы қалай? Мемлекет басшысының қабылдауында болған Қорғаныс министрі салада атқарылып жатқан жұмыстардың есебін берді. Руслан Жақсылықов Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысына Қазақстан армиясын реформалау жоспарымен бөлісті. Сондай-ақ «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасының жүзеге асырылу барысын баяндады.  Бұдан бөлек, қару-жарақ пен әскери техниканың жағдайын жеткізді. Отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенімен әскерді техникалық тұрғыдан қайта жарақтау шаралары қабылданып жатқанын айтты. Ал, Президент Қарулы Күштердің кешенін дамыту, елдің қорғаныс қабілетін жетілдіруге қатысты бірқатар тапсырма жүктеді.

А. Данияр