Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы директоры ұсталды

  • AstanaTV
  • 17 ақпан 2022
  • 1488

Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы директоры Шухрат Данбай ұсталды. Бейресми ақпарат бойынша, оның үстінен  сеніп тапсырылған жеке мүлікті аса iрi мөлшерде иелену немесе талан-таражға салу айыбы тағылып отыр. Әлеуметтік желіге тараған бұл ақпаратты экономикалық тергеу басқармасындағылар жоққа шығармады, растамады да. Дегенмен елдегі дүрбелеңнен соң Президент тапсырмасына сәйкес,  жанар-жағармай бағасын негізсіз өсіргендерді анықтау бағытында кәсіпорынды бірнеше мемлекеттік орган тексеріп жатыр. Мұнай-газ кеңесінің төрағасы Асылбек Джакиевтің айтуынша, тексерістен кейін бұрынғы басшының қатарына басқа да қызметкерлердің қосылуы әбден мүмкін.

Асылбек ЖАКИЕВ, МҰНАЙ-ГАЗ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
 
Мұнай-газ нарығындағылар зауытта не болып жатқанын бұрыннан да хабардар. Көпшіліктің көкейінде жаңғыртуға қатысты да күдік болды. Оның ішінде шикі мұнайды зауытта өңдеу схемасы бойынша да мәселелер туындаған еді. Яғни, өзге компаниялар бұл жерге кіргізілмеген. Соның әсерінен бәсекелестік шектеліп, нарық дамымай қалды.

Сонымен қатар, кәсіпорын зауытқа қызмет көрсететін көптеген аутсорсинг компанияларға мұнайды тегін өңдеп берген дейді. Мысалы, басшылық зауыт меншігіндегі газ бен сутегіні өндіретін қондырғыны басқа мекемеге беріп, кейіннен өндірілген өнімді сатып алып отырған. Қазіргі кезде кәсіпорынның кредиторлар алдындағы қарызы 600 миллиард теңгені құрайды. Атырау мұнай өңдеу зауытын екі жылдан астам басқарған Шухрат Данбайдың кінәсі заң тұрғысынан дәлелденсе, мүлкi тәркiленiп, жеті жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазалануым мүмкін.

Б. Надірқызы