Русский Сайттың толық нұсқасы

Қаңтар оқиғасына қатысты тергеу қорытындылары Президенттің Жолдауында айтылады, -Б.Уәли

  • AstanaTV
  • 18 ақпан 2022
  • 2157

Ел Президентінің наурыздағы жолдауында Қаңтар оқиғасына қатысты тергеу қорытындылары айтылады. Мұны мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли "Фейсбук" парақшасында жазды.  Қасым-Жомарт Тоқаев халықтан ештеңені жасырып қалмайды. Барлық ақпарат жария етіледі делінген.

Берік УӘЛИ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

 
Президент сұхбат барысында атап өткендей, қоғамдағы ең маңызды мәселе – заң үстемдігі. Дәл осы құқықтық принцип негізінде қаңтар оқиғасы барысында ұсталған азаматтардың жауапкершілік мәселесі шешіледі. Олардың басым көпшілігінің жазасы жеңілдетілгені мәлім. Жүздеген адам тергеу изоляторынан босатылды. Қамаудағы азаматтардың құқықтарын қорғау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттеріне байланысты да тексеру жүргізілуде. Сонымен қатар ауыр қылмыс (кісі өлтіру, тонау, қарақшылық және т.б.) жасағандар заңға сәйкес жазаға тартылады.