Русский Сайттың толық нұсқасы

Қаңтардағы қайғылы оқиға кезінде жеті бала жараланған

  • AstanaTV
  • 18 ақпан 2022
  • 2059

Қаңтардағы қайғылы оқиғадан екі бала қаза тауып, жетеуі жараланған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі хабарлады. Жарақат алғандар қазір ауруханада жатыр. Біреуінің хәлі ауыр. Министрлік жалпы тәртіпсіздік кезінде 3000-ға жуық адам медициналық көмекке жүгінгенін айтты. "Қаңтар оқиғасының" залалын әріптесім Әсем Лесбек жеткізеді.

Қаңтартағы қақтығыста ересектермен бірге бүлдіршіндер де жапа шекті. 4 және 12 жастағы балалар көз жұмды. Тағы жетеуі оқ жарақатын алып, ауруханада түскен.

Бауыржан БАЙСЕРКИН, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
 
Еліміздің үш  облысында кәмелетке толмағандар зардап шекті. Алматыда екі бала оқтан мерт болды. Төртеуі жарақат алды. Алматы облысында да екі бала зардап шекті. Жамбыл облысында бір бала. Бүгінде тәртіпсіздік салдарынан ауруханада алты адам ем қабылдап жатыр.
 
Бірінің жағдайы ауыр. Науқас Қызылордадағы аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Жалпы жаппай тәртіпсіздік салдарынан 2740 қазақстандық медициналық көмекке жүгінген. Дегенмен құзырлылар тінту жұмыстарын әлі жалғастыруда. Тараздық полицейлер «молотов коктейлдерін» таратқан деген күдікпен бір  адамды құрықтады.

Тергеушілер 44 жастағы күдіктінің бұрын сотталғанын хабарлады. Ал "Алматы-Өскемен" тас жолында қару-жарақ жасырылған құпия орын табылған.

Әбілтай ӘБЕНОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Аталған қарулар арнайы деректер базасы бойынша салыстыру кезінде қаңтар айындағы тәртіпсіздік барысында Алматы қаласындағы мылтық дүкендерінің бірінде ұрланғаны анықталды.  Екі карабин де баллистикалық сараптамаға жіберілді.

 
Тергеуден соң қарулар заңды иелеріне қайтарылмақ. Жалпы жыл басынан бері мұнда 200-ге жуық атыс қаруы тәркіленген.

Ә. Лесбек