Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте 23 жастағы бойжеткен оныншы қабаттан секіріп, көз жұмды

  • AstanaTV
  • 21 ақпан 2022
  • 2083

Шымкентте 18 жастағы қыз бесінші қабаттан секіріп кеткен. Абырой болғанда,ол төмендегі дүкеннің үстіне құлапты. Оны көргендер дереу жедел құтқарушыларға шақырған. Қыз аман, бірақ біршама жарақаттанған. Қазір ауруханада жатыр.

Мөлдір БЕКЕЕВА, ШЫМКЕНТ қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ КОММУНИКАЦИЯЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Аталған жайт бойынша Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлерімен ҚР Қылмыстық Кодексінің 105-бабы "Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Сондай-ақ, кеше қалада тағы бір бойжеткен оныншы қабаттан секірген. Ол сәт бейнебақылау камераларына жазылып қалған. Куәгерлер  жедел жәрдем қызметі мен полиция шақырған.  Дәрігерлер23 жастағы қыздың  ауруханаға жеткенше көз жұмғанын айтады.  Полиция қазір  өлім себебін анықтап жатыр.

А. Төребекқызы