Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде жол апатынан үш бала мен әкесі қаза тапты

  • AstanaTV
  • 21 ақпан 2022
  • 1505

Ақтөбеде жантүршігерлік жол апаты болып, көлік ішінде үш бала тірідей жанып кетті. Ауруханаға түскен әкесі де жан сақтау бөлімінде көз жұмды. Қайғылы оқиға  қаланың Оңтүстік айналма жолында болған. Полицияның хабарлауынша, «Лада Ларгус» көлігінің жүргізушісі алдындағы көлікті басып озу үшін жолдың қарсы бағытына шығып, цистернасы бар фураға соғылған. Кейін жолдың оң жағына аударылып, өртенген. Көлік рөліндегі үш баланың әкесі терезеден ұшып кеткен. Ал, 15, 13 және 1 жастағы балалар отқа оранған көлік ішінде қалып қойған. 45 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.  

Жандос ДЕРБІС, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ АУРУХАНАСЫНЫҢ ДӘРІГЕРІ:

Түскен кездегі жарақаты өте ауыр болды. Жансақтау бөлімінде реанимациялық көмек көрсетіліп, бүкіл ем жүргізілді. Соған қарамастан, 8 сағаттан соң науқас қайтыс болды.

Г. Сейтенова