Бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектенов уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл ақпаратты Бас прокуратура растады. Құзырлы органның мәліметінше, 2022 жылдың 19-ақпанында экс шенеунікке қатысты қызметтік әрекетсіздік фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Экс- министр уақытша ұстау изоляторына қамалған. Өзге ақпараттар тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды дейді ресми органның баспасөз қызметі.
Л. Қуанышқызы