Русский Сайттың толық нұсқасы

Жаппай тәртіпсіздік кезінде бүлікшілерге арматура тарқатқандар ұсталды

  • AstanaTV
  • 21 ақпан 2022
  • 1151

Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде алаңға шыққандарға  металл арматура таратты деген күдікпен  6 адам ұсталды.   Бұл туралы ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті басқарма басшысының орынбасары Дәурен Қозыбақов мәлімдеді. Оның айтуынша қазір республикада "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық шарасы жүргізілуде. Соның нәтижесінде іздеуде жүрген 327 қылмыскер қолға түсіп, жалға берілетін 83 мыңнан астам пәтер тексерілген. Қаруды заңсыз сақтағаны және алып жүргені үшін 451 адам ұсталды. Олардан 800-ге жуық атыс қаруы және 7 мыңнан астам арнайы құрал мен оқ-дәрі тәркіленген. Сондай-ақ, 2 мыңнан астам  ауыр және аса ауыр қылмыстың беті ашылған.

Дәурен ҚОЗЫБАҚОВ, ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

«Құқықтық тәртіп» іс-шарасын өткізу барысында 13 мыңнан астам қылмыс тіркелген. Оның мыңнан астамы  – қоғамдық орындарда және 260-ы көшелерде жасалған. Жасалған қылмыстардың максималды саны Шығыс Қазақстан облысында, Алматыда , Алматыда , Қарағандыда, Шымкентте  және Солтүстік Қазақстан облысында  тіркелді.

Б. Сатуов