Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде алаңға шыққандарға металл арматура таратты деген күдікпен 6 адам ұсталды. Бұл туралы ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті басқарма басшысының орынбасары Дәурен Қозыбақов мәлімдеді. Оның айтуынша қазір республикада "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық шарасы жүргізілуде. Соның нәтижесінде іздеуде жүрген 327 қылмыскер қолға түсіп, жалға берілетін 83 мыңнан астам пәтер тексерілген. Қаруды заңсыз сақтағаны және алып жүргені үшін 451 адам ұсталды. Олардан 800-ге жуық атыс қаруы және 7 мыңнан астам арнайы құрал мен оқ-дәрі тәркіленген. Сондай-ақ, 2 мыңнан астам ауыр және аса ауыр қылмыстың беті ашылған.
Дәурен ҚОЗЫБАҚОВ, ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
«Құқықтық тәртіп» іс-шарасын өткізу барысында 13 мыңнан астам қылмыс тіркелген. Оның мыңнан астамы – қоғамдық орындарда және 260-ы көшелерде жасалған. Жасалған қылмыстардың максималды саны Шығыс Қазақстан облысында, Алматыда , Алматыда , Қарағандыда, Шымкентте және Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді.
Б. Сатуов