Русский Сайттың толық нұсқасы

"Президенттің Швейцариялық банкте шоты жоқ", -Б.Уәли

  • AstanaTV
  • 21 ақпан 2022
  • 960

Мемлекет басшысының швейцариялық банкте қаржылық шоты да, шетелде жылжымайтын мүлкі де жоқ. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбуктегі парақшасында жазды. Оның мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаевтың шетелдік банктер мен офшорлық компанияларға ешқандай қатысы болмаған. Сондай-ақ, кейбір ақпарат құралдары жазып жатқандай, Президенттің бұрынғы жұбайының да қаржылық шоты болған емес делінген жазбада.

Берік УӘЛИ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Тимур Тоқаевқа келетін болсақ, жасы 38-де. Ол -кәсіпкер, ешқашан мемлекеттік қызметте істемеген. Өздеріңіз білесіздер, Президент экономика мен саясаттағы монополияны шектеуге,  реформаларды жүзеге асыруға күш салып келеді. Бұл Мемлекет басшысының осындай шешімдерін жақтамайтын адамдардың әдейі таратып жатқан ақпараттық шабуылы деп ойлаймын.

Л. Қуанышқызы