Мәжіліс депутаты Алматы облысының ауыл шаруашылығы неліктен алға баспай тұрғанын айтты. Жанна Телпекбаева «Жер Ана» өндірістік кооперативінің жұмысымен танысып, жергілікті диқандармен тілдесті. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің өзекті мәселесінің бірі - инфрақұрылымның болмауы деп атап өтті ол. Соның салдарынан су тиімсіз жұмсалады. Тағы бір маңызды мәселе: ауылшаруашылық техникаларының құны қымбат.
Жанна ТЕЛПЕКБАЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Утилизациялық алымды азайту. Бұл ең маңызды мәселе. Оны ауыл шаруашылығы техникалары үшін төмендетуді және қол жетімді болуы үшін комиссия қарастырып жатыр.
З. Санай