Русский Сайттың толық нұсқасы

Депутаттар Алматы облысының ауылшаруашылық саласы неліктен алға баспай тұрғанын айтты

  • AstanaTV
  • 21 ақпан 2022
  • 1283

Мәжіліс депутаты Алматы облысының  ауыл шаруашылығы неліктен алға баспай тұрғанын айтты. Жанна Телпекбаева «Жер Ана» өндірістік кооперативінің жұмысымен танысып, жергілікті диқандармен тілдесті. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің өзекті мәселесінің  бірі - инфрақұрылымның болмауы  деп атап өтті ол. Соның салдарынан су тиімсіз жұмсалады. Тағы бір маңызды мәселе: ауылшаруашылық техникаларының құны қымбат.

Жанна ТЕЛПЕКБАЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

 
Утилизациялық алымды азайту. Бұл ең маңызды мәселе. Оны ауыл шаруашылығы техникалары үшін төмендетуді және қол жетімді болуы үшін  комиссия қарастырып жатыр.

З. Санай