Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде көлік жөндеу орталығында жарылыс болып, күзетші көз жұмды

  • AstanaTV
  • 22 ақпан 2022
  • 1242

Бүгін Ақтөбедегі көлік жөндеу орталығында жойқын жарылыс болып, күзетші қаза тапты. Ол қирандылардың астында қалған. 67 жастағы ер адамның мәйітін құтқарушылар төрт сағаттан кейін  шығарып алды.  Жарылыстың қатты болғаны соншалық, 600 шаршы метр болатын ғимарат қирап, іштегі және жақын жерде тұрған бірнеше көлік зақымданған.  

Қайрат ҚАСЫМ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Техникалық қызмет көрсету бекеті қызметкерлерінің айтуынша, сол жерде 11 көлік болған. Оның жартысының газ-баллонды қондырғысы бар. Алдын-ана нұсқа бойынша, сондай қондырғының бірінен шыққан газ бен ауа аралас қоспа жарылған.

Қазір оқиға орнында тергеушілер тобы жұмыс істеп жатыр. Бүлінген көлік иелері де сол маңда жүр. Алайда, олар да, көлік жөндеу орталығының иесі де тергеу   аяқталғанша қандай да бір ақпарат беруден бас тартты. Полиция бұл іске қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
 
Ерболат САРҚҰЛОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:


Аталған факт негізінде Ақтөбе облысының полиция департаменті ҚР Қылмыстық Кодексінің 292-бап, 2-бөлігі «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Г. Сейтенова