Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордалық кішкентай тұрғын мюзикл ертегі қойылымын қойды

  • AstanaTV
  • 22 ақпан 2022
  • 2380

Елордада балалар жылына  орай   "Айзаданың ғажайып әлемі" атты мюзикл ертегі қойылымы сахналанды. Туынды авторы- 4 сынып оқушысы Айзада Аманжолқызы. Айзада оны небәрі бір аптада жазып шыққан.  Оның айтуынша, сән-салтанатты декорация, ерекше әрлеу жоқ. Тәрбиелік маңызы зор танымдық  оқиғаның өзегі актерлік шеберлікпен әсем әуен арқылы жеткізіледі.  Бала қиялынан туған бұл туынды отбасылық құндылықтарды дәріптейді.

Айзада АМАНЖОЛҚЫЗЫ, 4 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:

Ғажайып әлем туралы ертегі жазу туралы конкурсты көрдім, сонда қатты қатысқым келді ертегі жазу, мен бүгін ғажап сондай "Ғажайып әлем" деп. Отбасы туралы, отбасы құндылықтары туралы жаздым.

Ә. Дүкембаева