Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл жиынын өткізді

  • AstanaTV
  • 22 ақпан 2022
  • 822

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл жиынын өткізді. Онда Украинада қалыптасқан жағдайға байланысты Қазақстанның одан ары әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері пысықталды. Мемлекет басшысы әскери-саяси және санкциялық текетірестердің нәтижесінде ушығуы мүмкін екендігін және халықаралық ахуалға байланысты дағдарысқа қарсы жедел шаралар жоспарын қабылдау қажет екенін айтты. Сондай-ақ Үкіметке ықтимал экономикалық қауіп пен өзге де қатерлердің алдын алу жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.