Русский Сайттың толық нұсқасы

Атом электр станциясының қашан салынатыны белгілі болды

  • AstanaTV
  • 23 ақпан 2022
  • 1732

Атом электр станциясын салуға қанша қаражат жұмсалады? Энергетика министрлігі өкілінің сөзінше, бір энергоблок құрылысы үшін шамамен 5 миллиард АҚШ доллары керек. Халықаралық тәжірибелер бойынша оның қуаттылығы 1000-1200 мегаватт болады. Десе де бұл нақты сомма емес. Жалпы кететін шығын   мердігер анықталып, келіссөздер аяқталғаннан кейін белгілі болады, дейді. Өйткені қаржыландыру мен қаражат тартудың түрлі механизмдері бар. Атом энергетикасы және өнеркәсіп департаментінің директоры АЭС салу бойынша қазір алты мердігердің ұсынысы қаралып жатқанын айтты.

Жаслан ҚАСЕНОВ, ҚР ЭМ АТОМ ЭНЕРГЕТИКАСЫ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Ядролық технологиялардың алты әлемдік мердігерді: америкалық, америкалық-жапон, кореялық, қытайлық, ресейлік және француз технологиялары белсенді зерттелуде. Зерделеу қауіпсіздік, референттілік критерийлері бойынша, орналастыру орны, қуаты және атом станциясының құны бойынша жүргізіледі. Осы зерттеулер нәтижесі бойынша нақты қорытынды шығарылып қарауға жіберіледі. Бұл жақын арада анықталады деп ойлаймын.

Сондай-ақ елде салынатын бір қондырғысы бар атом станциясы үшін орта есеппен 700-ге жуық адам жұмыспен қамтылады деген жоспар бар. Бұдан бөлек, сарапшылар бұл нысанды салып оны тапсыруға біршама уақыт кететінін жеткізді. Шамамен, кем дегенде 10 жыл, дейді.

А. Данияр