Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордада қатерлі ісікке шалдыққан науқастар өмірлері үшін алаңдаулы

  • AstanaTV
  • 23 ақпан 2022
  • 1177

Қызылордада қатерлі ісікке шалдыққан науқастар дабыл қағуда. Себебі былтыр қазаннан бастап денсаулық сақтау министрлігі  ең қымбат емдік шараны қаржыландыруды тоқтатып тастаған. Ал оның бір курсы кем дегенде 3 млн. теңге тұрады. Ол таргетті және иммунды терапияны науқастар жылына 17 рет қабылдауы керек. Рүстембек Шембеков 7 жылдан бері аты жаман  дертпен күресіп келеді. Бүйректің қатерлі ісігіне шалдыққан ол соңғы 2 жылда таргетті терапия қабылдап жүр. Бір айда ішетін дәрімнің құны 4,5 млн теңге тұрады дейді ол. Бірақ енді оның мемлекет тарапынан тегін берілмейтіндігі қарияны қынжылтып отыр.   

Рүстем ШЫМБЕКОВ, ЕМДЕЛУШІ:

Өзімнің қалтамнан бұл ақшаны таба алмаймын. Алсам бір ай алуым мүмкін. Екі айға 7 млн. ақша қажет болады екен ол кезде. Одан да көбірек. Сондықтан зейнетке шыққан жас үлкен адамдар кете берсін демесе бізге көмектессін деп сұраймын.

Миллиондаған қаржыны науқастардың қалтасы көтермейтіндігі дәрігерлерге де аян. Сондықтан осы уақытқа дейін қордағы барымен тегін ем жасап келген. «Бірақ ол таусылуға таяу» дейді онкологиялық орталық басшылығы. Дегенмен, олар аймақтағы  осы ем-шараға тәуелді 60 науқастың мәселесі жақын арада шешіледі дейді.

Дмитрий ХЕГАЙ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Таригетті және иммунды терапия қатерлі ісігі асқынған науқастарға жүргізіледі. Соңғы бекітілген хаттамаға сәйкес, бұл ем-шара тек сүт бездері және жатыр ісігіне шалдыққандарға тағайындалуда. Қазіргі таңда бұл мәселеге қатысты министрлікте арнайы топ құрылып, тиісті жұмыстар қолға алынған.

М. Тоқтасынқызы