Русский Сайттың толық нұсқасы

Солтүстік Қазақстанда Ақжар ауданындағы жер мәселесі әлі шешілмей келеді

  • AstanaTV
  • 23 ақпан 2022
  • 1089

Солтүстік Қазақстанда Ақжар ауданындағы жер мәселесі әлі шешілмей келеді. Мәселе кадастрлық нөмірден кеткен қателіктен туындаған. Бүгін сот процесінің кезекті отырысы өтті. Еске салайық, «Жанбота» мен «Кен дала 2019» серіктестерінің арасындағы жер дауы 2017 жылы басталған. Жанбота шаруашылығы 2015 жылы аудандық әкімдіктен 600 гектар аумақты жалға алып, оған бірнеше жыл қатарынан егін еккен. Алайда, араға бірнеше жыл салып жердің басқа иесі пайда болды. Белгілі болғандай, аталған жер учаскесін 2009 жылы басқа компания жалға алып, кейін оны банкке кепілдікке қойған. Бірақ, билік өкілдерін бұл жайында ескертпеген көрінеді. Артынша шаруашылық банкротқа ұшырап, банк оның жерін аукционға қойған. Кейін «Кен дала 2019» бұл жерді заңды түрде сатып алған көрінеді. Бүгінгі сот отырысында сарапшылардың пікірі тыңдалды.
 
Алайда, «Жанбота» серіктестігінің өз айтары бар. Олар ескі кадастрлы нөмір күшін жоймады, дейді. Сотқа дәлел-дәйектерін ұсынды.
 
Жасұлан ҚАУМЕНОВ, АДВОКАТ:
 
Біз бүгін сотқа онлайн хабарламаны көрсеттік. Онда жер телімінің кадастрлы нөмірі бізге тиесілі екені жазылған. Алайда, бұған қарамастан екінші тарап жердің ауысып, басқа кадастр берілгенін айтады. Бұл ойға сыйымсыз нәрсе. Мемлекеттік органдардағы бұл келеңсіздіктер осындай даудың туындауына әкеліп соғады.

А. Құрманкин