Русский Сайттың толық нұсқасы

«Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXII съезіне қатысуға Нұр-Сұлтан қаласынан 27 делегат сайланды

  • AstanaTV
  • 23 ақпан 2022
  • 990

«Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXII съезіне қатысуға Нұр-Сұлтан қаласынан 27 делегат сайланды. Қатысушылар тізімі партияның елордалық филиалы саяси кеңесінің отырысында бекітілді.  Жиын қала әкімі Алтай Көлгіновтің төрағалығымен өтті. Партиялықтар Президенттің тапсырмаларында айтылған міндеттерді орындауға дайын екендерін жеткізді.

Юсуп КЕЛИГОВ, НҰР-СҰЛТАН қ. «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ САЯСИ КЕҢЕСІНІҢ БЮРО МҮШЕСІ:

Барлық қазақстандықтарды "Жаңа Қазақстанды" құру үшін ортақ идея төңірегінде бірігуге тиіс. Ол үшін біз өткеннен сабақ алып, қазіргі күнімізді бағалай білуіміз қажет. Сондай-ақ, болашақ жастар ежелден келе жатқан тарихи құндылықтарымызды сақтап қалуы аса маңызды.


Бақдәулет ЖАНДІЛДАЕВ, «JAS OTAN» ЖҚ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Алдағы XXII кезектен тыс съезден күтеріміз көп. Себебі, бұл съезде партияның жаңару, жаңғыру жолында қандай шаралар қолданылады және де қандай жұмыстар атқарылатыны бойынша жоспар ұсынылатын болады. Алдағы съезде үлкен өзгерістер болады деген сенімдеміз.


А. Данияр