Русский Сайттың толық нұсқасы

Халық пен билік арасындағы байланысты нығайтатын кез келді

  • AstanaTV
  • 23 ақпан 2022
  • 1005

Халық пен билік арасындағы байланысты нығайтатын кез келді. Бұл туралы Алматылық бастауыш партия ұйымдарының мүшелері бас қосқан жиында айтылды. Сарапшылар алдағы съезден үлкен өзгерістер күтетінін мәлімдеді. "Жаңа Қазақстанды" құруда жаңашылдық қажет деді. Жиында сондай-ақ, съезге қатысатын делегаттар тізімі бекітілді.

Сапар РАХМЕНШЕЕВ, АЛМАТЫ қ. ПСИХИКАЛЫҚ САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
 
Халқымыздың, еліміздің мұң-мұқтажын тыңдай білуміз керек. Соларды шешуге көмектесе білуіміз керек. «Президентіміздің де айтқаны сол, кабинеттерде отыра бермей елмен кездесуге барыңдар». Мен өзім қадағалауда ұстаймын, мен өзім бақылап отырамын дегені маған ұнады.

Кезектен тыс съезд тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға ықпал етері анық, дейді жиналғандар. Ал халық Қасым-Жомарт Тоқаевтың   бастамаларын қолдайтынын жеткізді.
 
БЛИЦ:

- Халыққа белгілі азаматтар келсе, мәжіліске жақсы болар еді. Дұрыс шешімдер қабылданар еді халық үшін.  
 
- Мына болашақ бұрынғыдай емес жақсы болады деген ойымыз бар. Сондықтан мына өзгерістерді қолдаймыз. Тоқаев ойлаймын өте жақсы азамат. Тырысып жатыр.


Ә. Лесбек