Русский Сайттың толық нұсқасы

Мәжіліс депутаттары Тобыл өңірінде

  • AstanaTV
  • 23 ақпан 2022
  • 1233

Тобыл өңіріне ат басын тіреген мәжілісмендер Лисаков қаласына барды. Депутаттар тобы әуелі  әлеуметтік нысандарға барды. Заманауи  жабдықталған  қалалық аурухананың ахуалымен танысып, дәрігерлердің хал-жағдайын сұрады. Толғандырған түйткілдерін тыңдады. Қаладағы теннис орталығы да теңдесі жоқ кешен. Жаңа нысан спортпен шұғылданатын   жастарға  жол ашып отыр. Жұмыс сапары барысында мәжіліс өкілдері кеншілермен де кездесті. Партияның міндет мақсаты, елдегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық жөнінде сөз қозғады. Жұмысшылардың  қойған сауалдарына жауап беріп, кейбір көтерілген мәселелерді назарға алатындарын айтты.  

Әлия САПАРОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бүгінде осы мекеме қызметкерлерімен кездесіп, олардың да ойларын тыңдап жатқан жайымыз бар. Олар да әлеуметтік мәселеге қатысты, жалпы елімізде болып жатқан мәселелерге қатысты сұрақтарын да қойып жатыр.Біз де сол сұрақтарға жауап беруге тырыстық.

З. Санай