Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұротандықтар Алматыдағы тәртіпсіздіктен зардап шеккен бизнес нысандарын аралады

  • AstanaTV
  • 24 ақпан 2022
  • 1170

Нұротандықтар Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен   бизнес нысандарын аралады. Мүлкі бүлінген кәсіпкерлермен кездесті. Владимир Васильев 25 жылдан бері жеке кәсібін дөңгелетіп келген. Бүлікшілер   әп-сәтте барымнан айырды дейді .Тоғыз автокөлігі өртенген. Жалға беретін 14 орыны бүлінген.   
 
Владимир ВАСИЛЬЕВ, КӘСІПКЕР:

Лаңкестер бәрін жағып кеткен. Тіпті не дерімді білмеймін. Қабырғалар құлап жатыр. Құр қаңқасы қалған көліктер тұр. Айтарға сөзіміз жоқ. Шығынымыз бірнеше миллионнан асады.

Кәсіпкерлерге келтірілген шығын тез арада өтелуі  тиіс. Мәжіліс депутаттары жергілікті биліктен осыны талап етті.

Айдос САРЫМ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
 
Біздің айтып отқанымыз сіз аудан әкімі жиналыс өткізіңіз. Бүкіл қызметкерлерге заңды әсіресе мынау төтенше жағдайдан кейінгі кездегі барынша бизнеске көмек беретіндей мерзімдерін көрсетіңіз. Қол қойып міндеттеме алыңыз.   


Ә. Лесбек