Русский Сайттың толық нұсқасы

Теміртауда жас дәрігерлер қызметтік пәтерлермен қамтылды

  • AstanaTV
  • 24 ақпан 2022
  • 1317

Қарағанды облысының Теміртау қаласында 86 жас дәрігер қызметтік пәтермен қамтылды. Бұрынғы жатақхана  жөнделіп, көп пәтерлі тұрғын үй ретінде қайта жабдықталған. Бүгін өңірге жұмыс сапарымен келген Мәжіліс депутаттары баспаналы болған жас мамандармен кездесті. Ағзат Оспанова- Теміртау қаласындағы №1 емхананың психологы. Оқуды тәмамдаған соң 7 жыл бойы пәтер жалдап келген. Табысының көп бөлігі соны төлеуден артылмайтын. Қызметтік үй алғалы тұрмысымыз жақсарды дейді ол.   

Ағзат ОСПАНОВА, ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫ №1 ЕМХАНАНЫҢ ПСИХОЛОГЫ:

Жалдап тұрғанда шығын көбінесе көп кететін. Ал осы квартираны алғаннан кейін табыс мәселесі де көп нәрсе шешіле бастады. Бұл жерде барлық мебельдер мысалы, кухонный гарнитур соның барлығы берілді бізге. Жас маман ретінде бұл өте жастарға деген алғашқы көмек ретінде өте жақсы.

Бұл- «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасы шеңберінде іске асырылған жоба. Осылайша бірден екі проблема - маман тапшылығы мен жас мамандарды баспанамен қамту мәселесі шешілді. Мәжілісмендер өңірлерде осы тектес әлеуметтік проблемаларды талқылады.   
 
Юрий ЖУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

 
Адамдар айтқан проблемалардың 60-70 пайызы жергілікті деңгейдегі мәселелер. Олар жергілікті атқарушы билік пен жергілікті әкімдік, олардың орынбасарлары тұрғын үй шаруашылығы секілді ведомствалық органдарда шешілуі тиіс. Бірақ олар халықпен көп кездеспейді. Шешуге құлықсыз.


А. Қуаш