Русский Сайттың толық нұсқасы

Украинадан елге қайтуға елшілікке 500-ге жуық өтініш түскен

  • AstanaTV
  • 25 ақпан 2022
  • 1791

500-ге жуық азамат Украинадағы Қазақстан елшілігіне "елге қайтаруға" өтініш білдірген. Бұл туралы елші Дархан Қалетаев айтты. Соғыс ортасында қалған қазақстандықтарды эвакуациялау жұмыстары қолға алына бастады. Оларды Молдова шекара бекеті арқылы шығару жоспарланып отыр. Дегенмен елшілікте тіркеуде жоқ адамдар да өтініш жасаған. Алайда елші азаматтарды қауіпсіз жерге тасымалдау үшін көмек қолы жетіспей жатқанын айтты. Дархан Қалетаев елге қайтуға өтініш жасайтындар саны өсуі мүмкін екенін жоққа шағармайды.

Дархан ҚАЛЕТАЕВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ УКРАИНАДАҒЫ ЕЛШІСІ:

Украинаның Одесса облысында жүрген Қазақстан азаматтары Молдова Республикасының Сатро-Казачья, Тудора және Серпневое-1 шекара бекеттері арқылы елден шыға алады.

Д. Жарқынбек