Русский Сайттың толық нұсқасы

Дариға Назарбаева Мәжілістен кетті

  • AstanaTV
  • 25 ақпан 2022
  • 1759

Дариға Назарбаева Мәжілістен  кететінін мәлімдеді.Осыған орай орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігін тоқтату жөнінде қаулы шығарды. Экс-депутат  енді  қоғамдық, гуманитарлық, мәдени және қайырымдылық істермен айналыспақ.  Ол «Nur Otan» партиясына дауыс берген Қазақстан халқына, партияластарына, ел басшылығына алғысын жеткізді.  

Дариға НАЗАРБАЕВА:

Отанымыздың бүгіні мен болашағы үшін, оның ұлттық егемендігі мен тәуелсіздігін сақтау үшін, бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін қоғамның бірлігі мен ынтымағын паш етуіміз керек. Мен еліме, оның мүддесіне қызмет ете беремін. Ал бұл үшін лауазым қажет емес.


Т. Әлжанов