Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент Еуразиялық экономикалық Одаққа мүше елдердің премьер-министрлерімен кездесті

  • AstanaTV
  • 25 ақпан 2022
  • 1638

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер үкіметтерінің басшыларымен кездесті. Мемлекет басшысының айтуынша, бүгінгі кездесу геосаяси ахуалдың өте қатты ушығып тұрған кезіне сәйкес келді. Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы реттеушілерін қатыстыра отырып, экономикалық жұмыс тобын ұйымдастыруды ұсынды. Үйлестіру жұмыстарын Еуразиялық экономикалық комиссия өз қолына алуы тиіс. Президенттің пікірінше, сыртқы макроортадағы күрделі жағдайға қарамастан, Еуразиялық экономикалық одақтың экономикалық көрсеткіштері оң қарқын көрсетуде.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Елдеріміздің үкіметтері аса күрделі проблемаларды шешудің тиімді жолдарын табуы тиіс. Бұл -өте маңызды. Еуразиялық экономикалық одақтың жұмысынан зор нәтиже күтеміз. Біз бар күш-жігерімізбен және еңбегімізбен мемлекеттеріміздің стратегиялық мүдделеріне сай келетін Еуразиялық экономикалық одақтың абыройы мен беделін сақтауымыз қажет. Шын мәнінде, азаматтарымыз бұл Одақтан нақты нәтижелер күтеді.


Ә. Дүкембаева