Русский Сайттың толық нұсқасы

Әскери бөлімдерде әлімжеттік түбегейлі жойылмаған

  • AstanaTV
  • 25 ақпан 2022
  • 1054

Әскери бөлімдерде әлімжеттік түбегейлі жойылған жоқ.  Қарулы күштер өкілдері мұны жасырмайды. Әрбір оқиға бойынша тергеп-тексеру жүргізіліп, тиісті шаралар қолданылады деп сендіреді.  Көктемде Қарулы Күштердің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің және Ұлттық ұланның қатары тағы 17 мың сарбазбен толығады. Жастарды әскери борышын өтеуге ынталандыру үшін жеңілдіктер енгізілмекші.

Сәкен ЖҮСІПОВ, ҚР ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІ БАС ШТАБЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ-ЖҰМЫЛДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Бұрын жеңілдіктер болған. Әскери қызметін өтегендердің отбасына коммуналдық шығынның 50 пайызы төленетін. Қазір білім беру, коммуналдық төлем, сыйақы беру секілді ұсыныстарымызды тиісті министрліктермен келісудеміз. Тәртіпке келсек, әскери қызметшілер арасында ондай жағдайлар болып жатыр. Гарнизондарда бақылауды жүзеге асыратын әскери полиция жұмыс істейді.

Т. Әлжанов