Русский Сайттың толық нұсқасы

Батыс Қазақстан облысында еріген қар суы жолды шайып кетті

  • AstanaTV
  • 25 ақпан 2022
  • 1815

Батыс Қазақстан облысының орталығы мен Бөкей ордасы ауданын жалғайтын жалғыз жолды еріген қар суы шайып кетті. Ауданмен қатынас үзілді.
 
Еріген қар суы жолдың екі бөлігінен бұзып өткен.  Суды тоқтатпақ болған жергілікті әкімдік пен коммуналдық мекемеге жолаушылар да қол ұшын созып, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыруда. Бірақ көмекке келген тракторлардың өзі батып қалып жатыр. Ал жолдың екінші бөлігін қалпына келтіру жұмысы әлі жалғасуда. Бөкей ордасы ауданы Оралдан 500 шақырым қашықта орналасқан. 63 мың тұрғыны бар үш ауданды облыс орталығымен жалғайтын жол құрылысына 57 млрд теңге бөлінсе де, жолдың жыры әлі бітер емес, деп күйінеді халық.
 
Азат РАШИДОВ, КӘСІПКЕР:

Барғанда 11 сағат жүріп келдік, қайтарда 14-15 сағат жүріп келген болармыз. Енді біздікі дым емес, оның қасында Камазбен жүріп жатқан таныстар бар. Олар 24-26 сағат жүріп келді. Жаңадан істелген жолдар одан сайын жаман болып кеткен. Ол жерлер – ең қиын жолдар.  

Е. Карин