Русский Сайттың толық нұсқасы

Петропавлда қалалық мәдениет үйінің төбесі опырылып, ортаға түсті

  • AstanaTV
  • 25 ақпан 2022
  • 1584

Петропавлда қалалық мәдениет үйінің төбесі опырылып, көрермендер залының ортасына түсті. Нысан жабық тұрғандықтан, ешкім зардап  шеккен жоқ. Мамандардың айтуынша, төбенің бетон тіреуіштері әбден тозып, шатыр үстінде жатқан қалың қарға шыдас бермеген.  1931 жылы бой көтерген ғимаратта ос ы уақытқа дейін бірде бір рет күрделі жөндеу жүргізілмеген. Тек шатыры осыдан екі жыл бұрын  жаңартылған көрінеді.  Бірақ, бетон тіреуіштер ауыстырылмапты. Билік өкілдерінің айтуынша, жаңғырту жұмыстарына 108 миллион теңге қажет. Құзырлы органдар мердігерді анықтап жатыр.  Айта кету керек, мәдениет үйінде 27 шығармашылық ұжым бар. Яғни, 500-ден астам қызметкер қазір өзге ғимаратты паналап жүр.

Асқар ХАБИБУЛИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 
Қазіргі кезде конкурс өтіп жатыр. Наурыздың ортасына дейін бітеді. Псд бойынша ол жұмыстардың бағасы -108 миллион теңге. Конкурс біткесін ол жұмыстар басталады.


А. Құрманкин