«Nur Otan» партиясының Саяси кеңесі отырысы 28-ші ақпанға белгіленді. Онда партияның кезектен тыс XXII Съезінің күн тәртібі бекітіледі. Бұл туралы партияның Атқарушы хатшысы Асхат Оралов, Facebook парақшасында жазды. Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімі бойынша «Nur Otan» партиясы Съезі 1-наурызда өтеді.
Асхат ОРАЛОВ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:
Сондай-ақ, Саяси кеңес Бюросының қаулысымен «Nur Otan» партиясынан Парламент Мәжілісі депутатының бос мандаты партиялық тізім бойынша Саясат Нұрбекке берілу туралы шешім қабылданды. Тиісті шешім ҚР Орталық сайлау комиссиясына жіберілді.
Б. Сатуов