Русский Сайттың толық нұсқасы

Мәжіліс депутаттары Шымкент жастарымен кездесті

  • AstanaTV
  • 25 ақпан 2022
  • 1324

Бүгін Мәжіліс депутаттары шымкенттік жастармен кездесті. Басқосуда жастарды әлеуметтік   қолдау мәселелері,  осы тұрғыда  Президент берген тапсырмалардың орындалуы талқыланды.  Сондай-ақ, жастардың  білімі мен біліктілігін жетілдіру, жұмыссыздық, жаңа экономикаға қажетті кадр тапшылығын шешу секілді өзекті проблемалар сөз болды.

Берік БЕКЖАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Қазір Парламент Мәжілісінде волонтерлық қызмет туралы заң қаралуда. Әрине, волонтерлық қызметпен біздің елімізде көбінесе жастар айналысады. Волонтерлық қызметпен айналысқан жастарымыз мемлекеттік қызметке кіруге ниет білдіретін болса конкурстық комиссияда осы мәселеде оң бағытта бағаланатындығы осы заң деңгейінде бекітілуде.  Міне, түптеп айтқанда осындай нақты шаралардың барлығы мен ойлаймын, жастар саясатын жаңа бір деңгейге көтеруге үлес қосады.


Шымкент тұрғындарының  35 проценті жастар. Мегаполистегі жоғары және орта арнаулы оқу орындарында жүз мыңнан астам жас білім алуда. «Nur Otan» партиясының 35 жасқа дейінгі мүшелерінің саны да  сегіз мыңнан асып отыр.  Кездесуде депутаттарға көкейде жүрген сұрақтарын қойған жастар ұсыныс тірлектерін де жеткізді. Депутаттар ол мәселелерді тиісті деңгейде көтеріп, Жаңа Қазақстанды құру жолындағы жұмысты жастармен бірлесе атқаратындарын  айтты.

А. Төребекқызы