«Үкімет азаматтар үшін»
мемлекеттік корпорациясы жобасын іске асыруда Грузия тәжірибесі басшылыққа
алынады. Бұл туралы бүгін Орталық
коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында премьер-министрдің
орынбасары Дариға Назарбаева мәлімдеді. Сәуір айынан бастап іске қосылатын жаңа
құрылым бірнеше министрліктің жұмысын
мойнына алмақ.
Дариға Назарбаева, ҚР
Премьер-министрінің орынбасары:
Біз грузиялық әріптестерімзді
шақырттық. Олар өз тәжіриберімен бөлісіп жатыр. Оларда мұндай институт «Әділет
үйі» деп аталады. Бір терезе қағидасымен мемлекеттік қызметтің басым бөлігі сол
жерде көрсетіледі.
«Үкімет азаматтар үшін»
корпорациясы төрт бірдей ірі қызмет көрсетуші кәсіпорынның басын біріктіреді.
Олар «Халыққа қызмет көрсету орталығы», «Жер кадастрының
ғылыми-өндірістік орталығы», «Жылжымайтын мүлік орталығы» және «Зейнетақы төлеу
жөніндегі мемлекеттік орталығы».
Назарбаеваның айтуынша, 24 мың адам жұмысқа
тартылады. Бірінші кезеңде корпорацияға 255 мемлекеттік қызмет түрі беріледі.
Одан кейін 709 қызмет өтеді. Жоба - "100 нақты қадам" ұлт жоспарындағы
тапсырма. Сондай-ақ, екі мыңнан астам тұрығыны бар ауыл, аудан, шағын
қалалардың дербес бюджеті болады. Былтыр жергілікті бюджетте 4 салық түрі
қалса, биыл оған тағы көлік және жер салығы қосылды.
Асқар Бейсенбаев, ҚР Парламенті
Сенаты төрағасының орынбасары:
Оған қоса бюджетке түсетін
салықтан тыс түсімдер бар. Ол айыппұлдар, жарнама жапсыру, ғимаратты жалдаудан
түскен табыс. Демеушілік қаражат. Жергілікті бюджетті басқарудың қосымша
құзіреті туралы заң жобасы қарастырылады.
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ