Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент: Шанхай ынтымақтастық ұйымы әлемдегі 3-экономикалық қауымдастыққа айналады

  • AstanaTV
  • 25 маусым 2016
  • 2049

Президент «Россия 24» арнасына сұхбат берген. Шанхай ынтамақтастық ұйымы үшінші әлемдік экономикалық қауымдастыққа айналады деп сенеді. Мынадай үзінді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

Шанхай ынтымақтастық ұйымы еуразия кеңістігіндегі өте маңызды ұйым. Іске асыратын бірнеше пункті бар. Бірінші – осы кеңістіктегі қауіпсіздік. Екінші - экономика. Үшінші – гуманитарлық ынтымақтастық. Әрине, экономикада барлық елдерді басып өтетін транспорт, логистика бар. Уфада өткен кездесуде терроризммен күрес жөніндегі ортақ корпорация құруға келіскенбіз. Яғни біздің елдеріміздің қауіпсіздігі өте маңызды. Бұл жұмыс жүріп жатыр. Мен Еуразиялық экономикалық одақ пен ШЫҚ арасында еркін сауда аймағын құруды ұсынғанмын. Ол қаралып жатыр, ресей жағы қолдап отыр.

Және қазіргі  таңдағы маңызды қадам – Ташкентте біз жаңа мүшелер қабылдаймыз. Олар - Үндістан мен Пәкістан. Келесі кезекте Иранды қабылдау шарттарын талқылаймыз. Егер Америка, Тынық мұхиты аймағы еркін сауда зонасын құрғанын, тиісінше трансатлантикалық ынтымақтастық жолға қойылғанын ескерсек, ортасында  біз қаламыз. Сондықтан біз жақта үшінші экономикалық қауымдастық пайда болады. Үлкен, өте маңызды. Астана - посткеңестік кеңістіктегі халықаралық модератор ретінде танылған жалғыз астана. Астанада әлемдік дәстүрлі діндер съездері өтеді, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының САММИТ-і өтті.  Ұйымдастырылатын жерді 160 мемлекет таңдаған ЭКСПО -2017 көрмесі бізде өтеді. Сондықтан бұл мәселе бойынша біз модератор бола аламыз.

Биыл біз ядролық сынақ алаңының жабылуының 25 жылдығын атап өткіміз келеді. Ғалымдар, ядро саласының мамандарын, саясаткерлерді шақырып, әлемдік қауымдастықтың назарын адамзат үшін үлкен қатерге кезекті рет аудармақпыз. 15 мың ядролық оқтұмсықтар планетаны бірнеше рет жоқ етіп жібере алады. Бұл туралы ешкім ойламайды. Экологиялық апаттар, климаттың жылынуы туралы айтамыз. Қандай жылыну? Ядролық оқтұмсықтар ешқандай жылынусыз-ақ жарық дүниені жоқ етеді. Сондықтан мен барлығымыз айналысуымыз керек өте салмақты мәселе деп ойлаймын.