Қарағандылық жас ғалым өкпе рентгенін оқу бағдарламасын жасады. Яғни рентгенді медицина қызметкері емес жасанды интелект автоматты түрде талдап, сараптай алады. Арнайы бағдарлама адамның өкпесі сау не сырқат екенін бірнеше минутта-ақ анықтайды. «Ақпараттық жүйелер» бағыты бойынша білім алып жатқан Марғұлан Нұртай пандемия басталғалы жасанды интеллект көмегімен өкпе ауруларын диагностикалау заңдылықтарын зерттеуге кіріскен. Нейрондық желі, яғни компьютерлік көру саласын талдайды. Қазір пульманология тақырыбының маңыздылығын ескерсек, бұл ең соңғы жаңалықтардың бірі,- дейді магистрант. Марғұлан алдымен математикалық есептеулер, нейрондық желі моделі мен техникасын құрған. Сөйтіп 3 мың өкпе рентгенінің суретін бағдарлама арқылы оқытқан. Бұл әдіс болашақта дәрігерлердің жұмысын жеңілдетумен қатар кейбір адами фактордан болатын қателіктердің алдын алуы да мүмкін. Өнертапқыш бұл жобаны отандық медицинада қолданысқа ұсынбақшы.
Марғұлан НҰРТАЙ, ӨНЕРТАПҚЫШ:
Диференциялдық диагностика деп атайды. Яғни кәсіби маманнан басқа компьютерлік яғни интелектуалдық жүйенің пікірін елеп ескеру, яғни бұл не деген сөз, бұл адамның көру қабылетін және де миындағы орналасқан кейбір клеткалардың қалай жұмыс істеуі соны математикалық түрге салған болатынбыз. Содан кейін сол 3 мың суретті алып нейрондық жүйеде оқыттық.
А. Қуаш