Русский Сайттың толық нұсқасы

Қаңтар оқиғасы: қаза тапқандардың отбасыларына 7 млн.теңгеден беріледі

  • AstanaTV
  • 28 ақпан 2022
  • 898

Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандардың отбасыларына 7 млн. теңге, ал жарақат алғандарға 3 млн теңге беріледі. Оны "Қазақстан халқына қоры" жүзеге асырады. Бұл туралы бүгін    қор басшысы Болат Жәмішев мәлімдеді. Оның айтуынша, атаулы көмек жаппай тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан және ауыр жараланған әскери қызметшілердің, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің, сондай-ақ кездейсоқ құрбан болған азаматтардың отбасыларына, көз жұмған және жараланған балалардың отбасыларына аударылады.

Болат ЖӘМІШЕВ, "ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА" ҚОҒАМДЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

"Қазақстан халқына" қорына қорғаныс министрлігінен, ішкі істер министрлігінен, Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Республикалық ұланнан 21 адамның қаза тапқаны және 94 адамның ауыр жараланғаны туралы ақпарат келіп түсті. Сондай-ақ Қазақстанның бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саин көз жұмған 3 бала мен жараланған 4 бала, сондай-ақ бір көпбалалы ананың қайтыс болғаны жайлы ақпарат жолдаған. Ал Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі уәкілі  Әзімовадан қаңтар оқиғасының кездейсоқ құрбаны болған 29 қазақстандық туралы ақпарат түсті.

Б. Сатуов