Русский Сайттың толық нұсқасы

Есірткі мен психотроптық заттарды заңсыз пайдалануға қатысты 25 қылмыстық іс қозғалды

  • AstanaTV
  • 28 ақпан 2022
  • 1124

Ақмола облысы тұрғынынан рецептімен ғана сатылуы тиіс 23 мыңнан астам дәрі-дәрмек тәркіленді. Бұл «Дәрмек» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы барысында анықталды. Операция барысында 38 өнеркәсіптік кәсіпорын, 68 медициналық ұйым және 201 дәріхана тексерілген. Министрлік өкілдерінің айтуынша,  дәріханаларда құрамында есірткі заттары бар препараттардың рецептісіз сату фактісі жиілеген. Есірткі мен психотроптық заттармен жұмыс істеу тәртібін бұзу және  улы заттардың заңсыз айналымы бойынша  25 қылмыс тіркелген.  800 тоннадан астам есірткі өндірісінде пайдаланылуы ықтимал зат пен 3 келі сынап тәркіленді. Сондай-ақ тәртіп сақшыларының мәліметінше, соңғы аптада елімізде  3281 қылмыс жасалған.   

Әділ СӘРСЕНОВ, ҚР ІІМ АҚПАРАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Еліміз бойынша әртүрлі меншік нысанындағы 687 мыңнан астам бейнебақылау камералары бар, олардың 145 мыңға жуығы аумақтық бөлімшелердің ЖБО-ға енгізілген. Бүгінде сыртқы қызмет полицейлері 100% қызметтік планшеттермен жабдықталған. Онлайн трансляциясы бар бейнетіркегішті және GPS бақылауды енгізу жобасы апробация сатысында және 150 бейнетіркегіште тестілік режимде жұмыс істейді.

Т. Әлжанов