Русский Сайттың толық нұсқасы

Қауіпсіздік шаралары сақталмаған жерде туризмді қалай дамытуға болады?

  • AstanaTV
  • 28 ақпан 2022
  • 751

Қауіпсіздік шаралары сақталмаған жерде туризмді қалай дамытуға болады? Мәжіліс депутаты Айбек Паяев Бурабайдағы демалыс орындарындағы кемшіліктердің бетін ашты. Айтуынша, демалушыларға  жағдай жасалмаған. Құтқарушылар жетіспейді. Жылына миллиондаған   турист келетін аумақта  8 адам ғана жұмыс істейді.

Айбек ПАЯЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ ПАРТИЯСЫ" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ?

Жаздыгүні Бурабайда 1 200 000 турист болады екен. Енді 8 адам құтқарайын десе, оларда скутер жоқ жаздыгүні. Ал қыстыгүні балық аулайтындар бар, өзіңіз білесіз, мұзда отырып. Оларға баратын снегоход жоқ. Ал енді қауіпсіздік жоқ жерде туризмді қалай дамытамыз?

Дәурен АБАЕВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ:

Бурабай бойынша әкімдікпен бірлесіп, осыған шаралар қабылдауға қолымыздан келгенін жасаймыз, скутер, сіз айтқан катерлер бойынша. Ол расында да қауіпсіздік мәселесі болғандықтан, оны қолға алу керек.

А. Данияр