Кезектен тыс съезге қатысқан делегаттар бұрын халықтан қаншалықты алыс болсақ, енді соншалықты жақындаймыз,- деп отыр. Саннан сапаға. Билік партиясының аймақтық филиалдарының мүшелері сандық есепті қойып, сапалы жұмысқа көшпек. Бұл туралы партияның кезектен тыс ХХІІ съезіне қатысқан делегаттар мәлімдеді. Ол үшін белсенділер бастауыш партия ұйымдарын қайта құрып, депутаттар мен атқарушы билік, сондай- ақ халық арасындағы байланысты күшейтеміз,- дейді.
Кезектен тыс съезге қатысқан делегаттар, сапалы жұмыс жасауға бел шеше кіріспек. Соңғы бір айда белсенділер елді-мекендерді аралап, оларды мазалайтын мәселелерді белгілеп алған. Енді оны атқарушы билікке жеткізу үшін көшпелі кездесулер өткізбекші. Сөйтіп сандық есепті қойып сапаны жақсартуды жоспарлап қойды.
Бекзат АЛТЫНБЕКОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
Жалпы 22 филиал бойынша қоғамдық қабылдауларға күніне жүзден астам өтініштер келіп жатады. Кейбіреулері отбасылық тұрмыстық деңгейден бастап елдік деңгейге дейін. Бұның ішінде ауыл- аймақтарда жер мәселесі, тұрғын үй мәселесі, әлеуметтік мәселелер бар. Біз оның барлығына нақты істермен заң тұрғысынан көмектесіп келеміз.
Ержан ХАМИТОВ, «JAS OTAN» ЖҚ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Ауыл жастарының әлеуметтік ахуалын, әлеуетін арттыруға бағытталған «Өрлеу жобасын» жүзеге асыратын боламыз. Жастардың арасында патриоттық сезімді нығайтуға бағытталған «Қайсар» әскери- патриоттық жобасын жүзеге асыратын боламыз.
"Nur Otan" партиясының кезектен тыс ХХІІ съезіне қатысқан оралдық делегаттар да, өзгерістерді құптайды. Олар бұл – заман талабы деп отыр. Елдің игілігі мен халықтың жарқын болашағына жасалған қадам деп түсіндірді. Сондықтан осындай зор жауапкершілікті абыроймен атқаруымыз керек, дейді.
Артур ЕРМҰҚАНОВ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ БҚО АҚЖАЙЫҚ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
Тарихи шешімдер қабылданған съезд болып есте қалады. Кешегі қаңтар оқиғасынан кейін өзгерістерді күтіп халықтың мұң-мұқтажы айтылған болатын. Бүгін біздің партиямыз жаңа бағытқа бет алды деп айтуға болады. Партиямыз халықтың аманатын, ата-бабаларымыздың аманатын арқалап, ел сенімінің үддесінен шығады деген үміттемін.
Қалың бұқара да жаңа өзгерістердің игілігін күтеді.
Райымбек ӘЛІШЕР, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Қаншама қызметкерлер өзгеріп жатыр. Жаңа басшылар келіп жатыр. Үлкен үміт күтеміз. Партия халықтың проблемасын шешсе, халықпен бірге болса халықты аралап ауыл, алыс елді мекендер көп бізде.
Данияр АЛШЫНБАЕВ, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Жалпы партияның аты ғана емес заты да өзгереді, мазмұны да өзгереді деген ойдамыз. Халықтың әл- ауқаты жақсы болса халықта партияға деген қолдау артады, - деген ойдамын.
Халықтың ұсынысы мен арыз- тілектерін жергілікті қоғамдық қабылдаулар қабылдап жатыр. Партия ол сұрақтар бойынша жасалған жұмыс қорытындысымен ашық бөліседі. Халық алдында есеп бермек.
А. Қуаш