Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарулы Күштердің құрылымы мен құрамын жаңғырту керек

  • AstanaTV
  • 02 наурыз 2022
  • 1136

Елдегі әскери қауіпсіздіктің қазіргі жағдайын ескере отырып, Қарулы Күштердің құрылымы мен құрамын жаңғырту керек. Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен армияны одан әрі дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте  Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қорғаныс министрлігіне осындай тапсырма берді. Қасым-Жомарт Тоқаев заманауи цифрлық тәсілдер арқылы әскери басқару жүйесін жетілдіру қажет екеніне ерекше назар аудару керектігін айтты. Сонымен бірге, Қазақстан әскерін заманауи әрі жоғары технологиялы қару түрлерімен, әскери техникамен қайта жабдықтау мәселелері талқыланды. Жауапты ведомствоға әскери күштерді пайдаланудың жаңа әдістерін енгізу арқылы жауынгерлік дайындық бағдарламасын қайта қарау жүктелді. Президент әскери қызметшілер мен аталмыш саланың әлеуметтік мәртебесін арттыру және жастарды әскери борышын өтеуге ынталандыру қажеттігі жайына да тоқталды.

А. Данияр