Украина мен Ресей арасындағы жағдай елде жаңа реформалар жасауға кедергі келтірмейді. Мемлекеттік хатшы Ерлан Карин осылай дейді. Оның сөзінше, халықаралық жағдайлардың елімізге әсері болғанымен, жаңа реформалар жоспары өзгермейді. Тіпті, қаңтар оқиғасынан кейін де халықаралық қатынаста Қазақстанның беделі түскен жоқ. Өзге елдермен келіссөздер, кездесулер бұрынғыдай жалғасуда,-дейді ол. Айтуынша, осы себепті, мемлекет басшысы халықтың жағдайын жан-жақты, түбегейлі әрі барлық сферада жақсарту үшін ауқымды жоспар әзірлеген. Барлық жауапты қоғамдық-саяси күштер Президенттің маңына топтасып, жаңа жобаларды жүзеге асыруға атсалысуы маңызды. Ал, жаңа реформалармен Мемлекет басшысы халықты 16-наурызда таныстырады.
Ерлан КАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫСЫ:
Президент халыққа жеткізетін саяси бастамалар әбден ой таразысынан өткен. Мемлекет басшысы осы саяси реформалар туралы егжей-тегжейлі өткен жылдан бері ойланып келеді. Сондықтан, Жаңа Қазақстан концепциясы арнайы бір оқиғаға негізделіп жасалған шешім емес. Бұл- Президенттің алдыңғы жасаған реформаларының логикалық жалғасы. Бұл елді жан-жақты ұзаұ мерзімге модернизациялау курсы деп нық сенімді түрде айтамын.
Л. Қуанышқызы