Русский Сайттың толық нұсқасы

Қаңтар оқиғасы: "ІІМ экс-басшысы ұсталғандарды өзі барып азаптаған жоқ", - Е.Қошанов

  • AstanaTV
  • 02 наурыз 2022
  • 766

Қаңтар оқиғасынан кейін күдікпен ұсталғандарды  азаптағандар үшін, бұрынғы Ішкі істер министрін жауапқа тарту керек пе? Бұл сауалға Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов жауап берді. Ол Ерлан Тұрғымбаев қарамағындағыларға ондай тапсырма берген жоқ деп қысқа қайырды.

Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Егер адам қылмыстық іске тартылып жатса, азаптауға қатысты күмән болса, оны бұрынғы министр Тұрғымбаев өзі барып азаптаған жоқ қой. Біріншіден, ондай бұйрықты берген жоқ. Заңсыз іс-әрекет жасаған полицейлер болса, олар жауапқа тартылады. Сотта дәлелденсе, олардың барлығы тиісті жазасын алады.


Б. Сатуов