Русский Сайттың толық нұсқасы

2023 жылдан бастап зейнетақы жүйесіне өзгерістер енгізілмек

  • AstanaTV
  • 02 наурыз 2022
  • 1298

Келесі жылдан бастап жұмыс берушілер 5% міндетті зейнетақы жарнасын төлеуге міндеттелмек. Яғни 10 % -дан бөлек, енді жұмыс беруші  қосымша тағы процент төлейтін болады. Бұл туралы министр Серік Шәпкенов, ведомствоның алқылы жиынында айтты. Сондай-ақ,  зейнетақы қорына қатысты тағы бірқатар өзгеріс енгізуді көздеп отыр. Экономисттердің айтуынша, бұл кәсіподақтардың қалтасына біраз ауыртпалық салмақ. Жауаптылардың есебін тындаған премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, баяндамашыны ортасынан тоқтатты.

Ералы Тоғжанов министрге көпбалалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға ерекше назар аударуды тапсырды. Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасының жұмысын сынға алды.

Ералы ТОҒЖАНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
 
Мысалыға «Бақытты Отбасы» соны енді министрліктің айналасында қарауға болады ғой. Атамекеннің құрамында қазір қаншама гранттар тұр, акиматтан берілетін гранттар солардың басын қосу керек қой. Өз балаларын өздері асырайтын жағдайға жетіп жатыр. Сіз сондай ортаға  барып көруіңіз керек қой, аналарды көруіңіз керек. Екі жолы жоқ анамыз сол жерде жұмыс істеп жатыр. Балаларын асырап жатыр, аяғымен ирелеңдеп іс тігуде.

Ә. Дүкембаева