Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордалық ақ жаулықты аналар форумда бас қосты

  • AstanaTV
  • 04 наурыз 2022
  • 1087

Әйел-отбасының ұйытқысы, үйдің берекесі әрі сәні. Жаны нәзік болса да оларға артылар жауапкершілік жүгі үлкен. Отбасындағы тәрбиенің тетігі де аналардың қолында.  Бір ғана «Әкең келе жатыр», «Әкең шешеді» деген  сөздің  астарында қаншама мағына жатыр.  Сыр елінде өткен тағлымды шарада  ақ жаулықты аналар ұлықталып, ибалы келіндер дәріптелді.Ұрпақтар сабақтастығы жарасым тапқан тәрбиелік мәні зор шараға біздің тілшіміз Мөлдір Тоқтасынқызы да қатысты.

Қазақ әйелі ерін ардақтап, ұлықтауымен - биік. Бақытын ұрпақтан тапқан олар тәрбие мен тәлімді ғұмырына құбыла еткен. Бұл тағлымды өнегені  әр ана қызының құлағына құйып өсіреді. «Ұрпағы үлгілі елдің әрқашан болашағы зор болады" дейді шараға жиналғандар.  Отбасындағы тәрбие-әр адамның өмірлік азығы. Ал бұл  әке мен ананың қарым-қатынасынан басталады.

Тұрған ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ, КӨПБАЛАЛЫ АНА:

Екеуінің  арасындағы сыйластық, жанұяда сыйластық болады. Кішкентай кезінен бастап бірінші рет еңбекке баулу керек. Екіншіден, адамгершілікке, үшіншіден жүрген ортасына, неғұрлым адамдармен көбірек араласқан жағдайда бала да соғұрлым өзінің ойын анық ашық айта алатын болады.

Форумға жиналғандар отбасылық құндылықтарды дәріптеуде әкенің рөліне   басымдық беру керек екенін айтады. Ер баланы  нағыз азамат етіп тәрбиелеу  маңызды дейді. Ал қыздар үшін «қырық үйден тию» үрдісі сақталып қалу керек деп есептейді.  

Айман АЙТБАЕВА, ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ:

Отбасы тәрбиесінде қателіктер жоқ емес. Ата-ананың тым жанашырлық көрсетіп, оны шектен тыс еркелетуі – тәрбиенің таяздануына әкеліп соқтығуда. Отбасында әкенің рөлін, әке рөлін арттыру. Анамыз «Әкең біледі», «Әкең шешеді мәселені» «Әкең айтады» деп өсірді.

Облыстық «Рухани жаңғыру» орталығы ұйымдастырған рухани кештің тағлымы терең, ғибраты мол болды. Форум соңында Сыр өңіріне қазақ елінің мақтаныштарын сыйлаған асыл жандар «Абзал ана» естелік белгісімен марапатталды.

М. Тоқтасынқызы