Павлодар облысында еріген қар суы жұртты әбігерге салуда. Баянауыл және Май аудандарындағы үйлердің аулаларын су алып жатыр.
Республикалық маңызы бар Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Уляновка тас жолының 103 шақырымын да су басты. Бұдан өзге Май ауданының Саты және Ақшиман елдімекендеріне дейінгі аралықтағы жолға да су жиналды. Қазір бұл қауіпті аймақтарда төтенше жағдай қызметінің мамандары жұмыс істеп жатыр.
Ақылбек БАЯХМЕТОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:
Баянауыл және Май ауданында тұрғын үйлердің ауласындағы су толық сорғызылды. Үйлерге төніп тұрған қауіп жоқ. Ал Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Уляновка тас жолын су шайып кетпеу үшін бөгет салынып жатыр. Қазір су деңгейі біршама төмендеді. Тасқынға соңғы бірнеше тәулік бойы тоқтаусыз жауған жаңбыр етті.
Ө. Қуанар