Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шиппті қабылдады. Президентке Жоғары сот кеңесінің төрағасы былтырғы атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Сондай-ақ алдағы уақытта, судьяларды іріктеу кезінде олардың кәсіби және жеке қасиеттеріне шынайы баға беріліп, қоғамдық пікір жан-жақты зерттелетінін айтты. Биыл салалық мамандар үшін облыстық соттардағы судья лауазымына арнайы конкурс өткізу жоспарланып отыр.
Ә. Дүкембаева